Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сеул тұрғындарының саны соңғы 30 жыл ішінде алғаш рет 10 млн-нан азайды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 18:00 - 2021/03/03

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/seul-turgyndarynyn-sany-songy-30-zhyl-ishinde-algash-ret-10-mln-nan-azaydy1


Сеул тұрғындарының саны 30 жыл ішінде алғаш рет 10 миллион адамнан азайды. Бұл туралы сәрсенбі күні қала үкіметі мәлімдеді, деп хабарлайды YONHAP агенттігі.

Астана тұрғындарының жалпы саны былтырғы жылдың соңында 9 911 088 адам болған, оның 9 668 465-і ел азаматы болса, 242 623-і - шетелдік, деп хабарлады жергілікті үкімет Ішкі істер және Әділет министрліктерінің дерегіне сілтеме жасап. 

1988 жылы Сеул тұрғындарының саны 10 миллионнан асқан болатын, содан бері алғаш рет бұл көрсеткіштен төмендеп отыр. 

Жергілікті үкіметтің хабарлауынша, Оңтүстік Корея астанасында сол жылы 10,29 миллион адам тұрды, 1992 жылы ең жоғары көрсеткіш – 10,97 миллион тұрғын тіркелді. 

Былтыр Сеул тұрғындарының саны 2019 жылмен салыстырғанда 99 895 адамға немесе 1 пайызға кеміді, оның ішінде Оңтүстік Корея тұрғындары 60 642 болса, шетел азаматтарының саны – 39 253 адам. 

Сеулдің демография үрдісінен қартайып бара жатқан қоғамды байқауға болады. 

Былтыр 0-4 жас аралығындағы Сеул тұрғындарының саны бірден 10,26 пайызға азайып кетті, ал 85-89 жас аралығындағы тұрғындар саны керісінше 11,42 пайызға артты. 

Айта кеткен жөн, Сеул тұрғындарының орташа жасы 42,7-ден 43,2-ге көтерілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1365061
Пікірлер

Көрші сілтемелер