Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанның әуе компаниялары 2020 жылы 5,5 млн жолаушы тасымалдады - министрлік



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 17:40 - 2021/03/03

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/kazakstannyn-aue-kompaniyalary-2020-zhyly-55-mln-zholaushy-tasymaldady-ministrlik


2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның әуе компаниялары 5,5 млн. адам тасымалдады. Бұл 2019 жылға қарағанда 36% төмен.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев министрліктің алқа отырысында атап өткеніндей, бұған пандемия кезінде ұшуларға қойылған шектеулер әсер етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Қалыптасқан жағдайға байланысты азаматтық авиация экономиканың ең көп зардап шеккен салаларының бірі болды. Соны жеңілдету үшін отандық әуе компаниялары мен әуежайлар үшін салықтық жеңілдіктер бойынша мемлекеттік қолдау шаралары қабылданды.

Бүгінгі таңда 45 бағыт бойынша ішкі әуе рейстері қайта ашылды және 12 елмен (Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет, Ресей, Мальдив, Шри-Ланка) әуе қатынасы қалпына келтірілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1365040
Пікірлер

Көрші сілтемелер