Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ashyq жобасы адамдардың еркін жүріп-тұруын шектей ме?



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 17:00 - 2021/03/03

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/ashyq-zhobasy-adamdardyn-erkin-zhurip-turuyn-shektey-me


Ashyq жобасы адамдардың еркін қозғалысын шектеу ме? Бұл сауалға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті цифрландыру басқармасының басшысы Саян Әбішев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Бас санитар дәрігерінің №67 қаулысына сәйкес, науқас және байланыста болғандар деп бөлінеді. Мәселен, аталған жоба бойынша мәртебе беріледі. Нысанға кірген кезде QR-кодты сканерлейсіз. Сол кезде келушінің мобильді қосымшасында индикатор көрінеді. Қызыл түс - келушінің науқас екенін, сары түс - байланыста болғанын, ал жасыл түс - байланыста болғандар базасында тіркелмегенін білдіреді. Көк түс ПТР зерттеуден өтпегенін көрсетеді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

Сонымен қатар ол Ashyq мобильді қосымшасы адамдардың еркін қозғалысына шектеу қоймайтындығын баса айтты. 

Ал Нұр-Сұлтан қалалық тұрақты даму орталығының ІТ-сәулетшісі, цифрландыру саласының маманы Виталий Пустовойтенко QR-кодтар «ИнфоҚазақстан» электронды платформасында субъектілерге берілетіндігін айтады. 

«QR-код әрбір кіріп-шыққан кезге беріледі. Бізде аумағы үлкен, бірнеше кіретін есігі бар бизнес субъектілері бар. Соған орай жүйеде екі QR-код басып шығарылады. Біреуі – кіруге, ал екіншісі - шығуға», - деді ол.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1365000
Пікірлер

Көрші сілтемелер