Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар 782 адамға көбейді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 16:30 - 2021/03/03

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/kazakstanda-koronavirus-pen-pnevmoniyaga-shaldykkandar-782-adamga-kobeydi1


Қазақстанда тағы 717 адамға коронавирус жұққаны белгілі болды. Олардың ПТР тесті оң шыққан. 65 адамға коронавирус пневмониясы (ПТР тесті теріс шыққан, клиникалық белгілер бойынша Covid диагнозы қойылғандар) диагнозы қойылған. 7 адам өлімі тіркелген: 5 адам - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады. 

Сейсенбі күні коронавирус жұққаны тестпен расталғандар бойынша Алматыда - 105, Павлодар облысында - 69, Ақмола облысында - 69, Нұр-Сұлтанда - 68, Батыс Қазақстан облысында - 64, Қостанай облысында - 61, Алматы облысында - 51, Шығыс Қазақстан облысында - 49, Қарағанды облысында - 46, Атырау облысында - 35, Солтүстік Қазақстан облысында - 25, Қызылорда облысында - 14, Шымкентте - 12, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында әрқайсында - 12, Жамбыл облысында - 9, Түркістан облысында 6 науқас тіркелген. 

2020 жылдың наурыз айынан бері 214 806 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Сол уақыттан бері 2 777 адам қайтыс болған. 198 726 адам жазылған. 

Қазақстан билігі пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрін 2020 жылдың 1 тамызынан бері есепке ала бастаған. Оған дейін қанша адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны белгісіз. Содан бері 49 372 адам осы ауруға шалдыққан. 42 741 адам жазылған. 630 адам қайтыс болған. 

Қазір 19 304 адам коронавирустан емделіп жатыр. 13 303-інің коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен. 243 адамның жағдайы ауыр, 42 пациенттің жағдайы өте ауыр. 47 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған. 

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 114,7 млн адамнан асты. Шамамен 64,8 млн адам айыққан, 2,54 адам қайтыс болған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1364970
Пікірлер

Көрші сілтемелер