Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 19:00 - 2021/02/26

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/onerkasiptik-sayasat-zhonindegi-vedomstvoaralyk-komissiya-kurylady


Қазақстанда өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өнеркәсіптік саясат мәні бойынша өндірістік нарықтың барлық қатысушыларының бірдей жағдай жасалуы керек. Заң жобасында экономикалық, әкімшілік, құқықтық, институционалдық және басқа жағдайларды қамтитын өнеркәсіптік климат ұғымын енгіземіз. Өнеркәсіптік климаттың жай-күйін бақылауды Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі жүзеге асырады. Оның нәтижелері болашақ кезеңдерге арналған өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру кезінде ескеріледі. Осы мониторинг негізінде басқару шешімдері қабылданып, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі бағаланады», - деді Бейбіт Атамқұлов Сенатта өтіп жатқан «ҚР өнеркәсіптік саясатты заңнамалық реттеу: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағатында. 

Өнеркәсіптік саясатты және мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру үшін бірінші кезекте өндірісте сауда қызметі реттеліп, инвестиция тартылып, инновацияларды дамыту арқылы өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың тиімді ведомствоаралық үйлестіруін қамтамасыз етуден тұратын институционалдық базаны шоғырландыру қажет.

«Бүгінгі таңда өндіріске қатысты функциялар әртүрлі ведомствалар арасында бөлінген. Индустриялық даму үшін Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігінің, сауда саясаты және экономикалық интеграция – Сауда және интеграция министрлігінің, инновациялық даму Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, шетелдік инвестицияларды тарту Сыртқы істер министрлігінің міндетінде. Өнеркәсіптік саясатты үйлестіруді қамтамасыз ету үшін негізгі заң жобасында Премьер-Министрдің орынбасары басқаратын Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру қарастырылған. Ал оның мүшелері мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қоғам қайраткерлері, депутаттар және басқа да мүдделі тұлғалар болады», - деді ол.

Жаңадан құрылатын өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияға бірқатар құзірет берілмек.

«Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия бірқатар құзыретке ие болады. Атап айтқанда, жаңа ынталандыру шараларын енгізу, қолданыстағы ынталандыру шараларын қайта қарау және жою туралы Үкіметке ұсыныстар қалыптастыру міндеті қарастырылған. Сонымен қатар ол комиссия индустриялық саясат бойынша халықаралық ұйымдарда келіссөздерді қоса алғанда, Үкіметтің позициясын дайындайды. Өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ өнеркәсіптік саясатты іске асыру туралы есептерді тыңдайды», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Атамқұлов Сенатта өтіп жатқан «ҚР өнеркәсіптік саясатты заңнамалық реттеу: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағатында.

Сондай-ақ комиссия институционалдық қолдау шеңберінде заң жобасы Өнеркәсіпті дамыту қорын мен «Өнеркәсіп» ақпараттық жүйені құру мен жүзеге асыру мәселелерін реттейді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1362190
Пікірлер

Көрші сілтемелер