Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанның дәрілік препараттары қандай елдерге экспортталады?



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 01:10 - 2021/02/24

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/kazakstannyn-darilik-preparattary-kanday-elderge-eksporttalady1


2020 жылы пандемия кезінде елдің ішкі нарығын фармацевтикалық өнімдермен қамтамасыз ету мәселесі өткір болды. Осыны ескере отырып отандық өндірушілер 2020 жылдың қорытындысы бойынша саладағы өндіріс көлемін 47%-ға өсірген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұған отандық кәсіпорындарда шығарылатын өнім көлемінің ұлғаюы себеп болды. Бұдан басқа көрсеткіштердің өсуіне «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды жеткізудің ұлғаюы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға халықтың жоғары сұранысына байланысты бөлшек саудада өткізудің ұлғаюы мұрындық болған», - делінген хабарламада. 

Мәселен, «Химфарм» АҚ шығаратын өнім көлемі 2 есеге артқан. Сонымен қатар компания кейінгі 2 жылда экспорт көлемін 2,5 есе арттырды. Бүгінгі таңда кәсіпорынның дәрілік препараттары Орталық Азия және ЕАЭО нарықтарында кеңінен сұранысқа ие. Сондай-ақ, өнімдер Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия және Ресей сияқты елдерге экспортталады. Биыл Өзбекстан нарығына шығу арқылы экспортты екі есеге арттыру жоспарлануда. 

Сондай-ақ маңызды сын-тегеуріндердің бірі — Еуропалық Одақтың дәрі-дәрмек нарығына шығу. Осылайша, 2023 жылға қарай экспорт көлемін 16 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланған. Бүгінгі таңда кәсіпорын қоржынында 11 өндірістік желіде өндірілетін 9 түрлі формадағы 120-дан астам дәрі-дәрмек атауы бар.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1359910
Пікірлер

Көрші сілтемелер