Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Коронавирус: Тегін дәрілер тапшылығы жөнінде қайда шағымдануға болады?



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 01:10 - 2021/01/27

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/koronavirus-tegin-dariler-tapshylygy-zhoninde-kayda-shagymdanuga-bolady


Қазақстандағы дәрі-дәрмектің бірыңғай дистрибьюторы «СҚ-Фармация» коронавирус науқастарына тегін берілетін дәрілер тізімін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Медициналық ұйымдарда науқастардың саны көбейіп, емханаларда COVID-19 деген жаңа нозология енгізілген. Яғни, осы нозология бойынша емханаларда COVID-19 диагнозы қойылған жағдайда, учаскелік дәрігеріңіз 5 түрлі дәріні тегін беруі керек. Мұнда ПТР анықтама талап етілмейді. Оның ішінде ыстық түсіретін 2 дәрі – Ибупрофен мен Парацетамол және қан сұйылтатын 3 антикоагулянт береді. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері туындаса, 1439 қысқа нөміріне хабарласып, шағымдануға болады. Бұл ретте коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің 48 пайызы Қазақстанда шығарылатынын атап өткен жөн», - деп түсіндірді «СҚ-Фармация» компаниясының баспасөз хатшысы Әйгерім Смаилова елордалық логистикалық хабта өткен мониторинг барысында.

 

Сонымен бірге, «СҚ-Фармация» ЖШС амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету жүйесінде коронавирустан бөлек, 136 ауру түрлері бойынша дәрі-дәрмек жеткізеді. 

Айта кетейік, «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сақталатын «СҚ-Фармация» логистикалық хабына мониторинг жүргізді. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1342501
Пікірлер

Көрші сілтемелер