Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


БҚО-да коронавирус жұқтыру деңгейі өткен жылдың шарықтау шегіне жақындады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 00:50 - 2021/01/27

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/bko-da-koronavirus-zhuktyru-dengeyi-otken-zhyldyn-sharyktau-shegine-zhakyndady1


Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтыру деңгейі өткен жылдың шарықтау шегіне жақындады. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалық етуімен өткен жедел штаб отырысында мәлім етілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, тек соңғы тәулікте 97 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. 

Оның сөзіне қарағанда, қаңтар айында ауырғандар саны 1269-ға жетсе, соның ішінде Орал қаласы (637) көш бастап тұр. Сондай-ақ Бәйтерек (251), Бөрлі (193), Ақжайық (74), Жәнібек (42), Теректі (39), Шыңғырлау (38), Тасқала (35) аудандарында індет көбейіп барады. 

Сырқаттанғандардың 42,7 пайызы жұмыс істейтін тұрғындар болса, 20,4 пайызы – зейнеткерлер. 

Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша мектептерде 11 қаңтардан бастап дәстүрлі сипатта білім алатын 43, қашықтан оқитын 27 баладан індет табылды. 

Өңірде коронавирустың өрши түскенін атап өткен М.Арыспаев демалыс күндері қоғамдық көліктің қозғалысын тоқтатуды ұсынды. 

Ведомство басшыларының есептерін тыңдаған облыс әкімі Ғ.Есқалиев бұл ұсынысты қолдап, егер коронавирустың таралу қарқыны кемімесе, медицина қызметкерлеріне қиынға түсетінін жеткізді. Бұған тұрғындардың санитарлық талапты сақтамауы себепші болып отыр. Сондықтан қатаң іс-шаралардың коронавирусқа тосқауыл қоюға септесетіні анық.

Жиында мемлекеттік және жеке мекемелер қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге көшіруді жалғастыру, карантин кезінде кафелер мен мейрамхана иелеріне, сондай-ақ жұмысынан айырылған адамдарға мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жөнінде тапсырма берілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1342499
Пікірлер

Көрші сілтемелер