Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Созақтағы уран өндіруші компанияның 90 жұмысшысынан коронавирус анықталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 00:30 - 2021/01/27

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/sozaktagy-uran-ondirushi-kompaniyanyn-90-zhumysshysynan-koronavirus-anyktaldy1


Түркістан облысы, Созақ ауданындағы уран өндіруші компанияның 90 жұмысшысынан коронавирус анықталды. Бұл туралы өңірдің бас санитар дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұрбек Нышановтың айтуынша, қазіргі таңда аталған кәсіпорынның «Мойынқұм» мен «Төртқұдық» өндірістік учаскелерінде карантиндік режим күшейтілген. 600-ден аса қызметкер арнайы медициналық тексеруден өткізілген. Өңірде жыл басынан бері 335 адам COVID-19 жұқтырса, мамандар көрсеткіш күн санап артып отырғанын айтады. Мәселен, оқу жылы басталғалы бері мектеп оқушылары арасында 79 індет жұқтыру жағдайы анықталып, науқастардың басым бөлігі онлайн оқу кезінде жұқтырғаны белгілі болған. Ұстаздардың арасында да індетке шалдыққандары тіркелген. Облыста вирусты әсіресе отбасыда жаппай жұқтыру деректері көбейген. 

«Мақтаарал ауданында бір жанұяда бес немесе үш адам вирус жұқтырған жағдай болды. Ондай жағдай сондай-ақ, Сайрам және Сарыағаш ауданында да тіркелді. Бұл науқастардың барлығы есепке алынып. дәрігерлік бақылауға алынған. Үй жағдайында карантинге алынды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1342494
Пікірлер

Көрші сілтемелер