Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда жылумен жабдықтау тарифі төмендетілді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 05:30 - 2021/01/23

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/almatyda-zhylumen-zhabdyktau-tarifi-tomendetildi1


Алматыда жылумен жабдықтау тарифі төмендетілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы көрсетілген қызмет көлемінің өсуіне байланысты, комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті халық үшін жылумен жабдықтау тарифін 3%-ға төмендетті. Төмендетілген тариф 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

«Тарифтің төмендеу есебінен халықтың үнемдейтін қаржысы 552 млн теңге. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықтан бюджеттік ұйымдарға жүктемені қайта бөлу фактісі қосымша ықпал етті», делінген хабарламада.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жылумен жабдықтауға арналған тарифтің жоспарлы 14% - ға өсуі күтілген еді.

Алайда, Алматы қаласы бойынша департамент энергия көздерінде тарифті төмендету арқылы халық үшін тарифтің өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізді, нәтижесінде 2021 жылы халық үшін тарифті 2020 жылғы деңгейде өсімсіз қалдыруға мүмкіндік туды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1340585
Пікірлер

Көрші сілтемелер