Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сапалы заңдар - ұзақ мерзімді жетістікке жетудің басты шарты – сенатор Әлімжан Құртаев



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 22:40 - 2021/01/15

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/sapaly-zandar-uzak-merzimdi-zhetistikke-zhetudin-basty-sharty-senator-alimzhan-kurtaev


Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында депутаттық корпустың алдында тұрған негізгі бағыттарды айқындап берді.

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Біз қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі межесіне қадам бастық. Сондай-ақ, қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмі ширек ғасырлық белеске жетті. Осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар ел үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет етеді деп кәміл сенемін»,- деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында саяси реформалар жүзеге асатынын атап өтті.

Атап айтқанда, саяси партиялар үшін Мәжіліске кіру шегін 7-ден 5%-ға дейін төмендету - көппартиялық жүйенің дамуына және партиялық жүйенің одан әрі дамуына ықпал ететіндігін баяндады.

Сондай-ақ, алдағы уақытта барлық деңгейдегі сайлауда бюллетеньдерге «бәріне қарсы» бағанының енгізілетіндігін жеткізді. Жариялаған реформалар адам құқықтарын қорғауға бағытталатындығы анық.

Шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аудару қажеттігін, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау басты міндет екендігін айтты. Түбегейлі жаңа реттеушілік саясатқа негізделген кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін әзірлеу талап етілді.

Еліміздің өнеркәсібі икемді және қазіргі өзгерістерге бейім болуы керектігін атап, сондықтан «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қабылдау өзекті болып табылатынын жеткізді.

«Өнеркәсіптік саясат туралы» заң аясында отандық бизнесті қолдау мен ынталандырудың нақты шаралары, тиімді тетіктері қарастырылады.

Сонымен қатар, енді алдағы уақытта ауыл әкімдері мен аудан әкімдері сайлау негізінде тағайындалатын болады. «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы одан әрі жетілдіріле түседі. Сондай-ақ, жаңа стандарттарға сай, 3500-ден астам ауыл толық жаңғырып, әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық күре жолдар 100 пайыз жөнделетін болады.

«Реформаларды сапалы заңдар арқылы жүргізу - ұзақ мерзімді жетістікке жетудің басты шарты. Дамыған ел дегеніміз - ең алдымен, дені сау, білімді және бақуатты жұрт. Біз 2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз. Еліміздің ұзақмерзімді дамуы Сабақтастық, Әділдік және Өрлеу қағидаттарына негізделеді. Көздеген мақсатқа жету үшін барлық салаларда дәйекті өзгерістер жасаймыз», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. 

Президент жариялаған бастамаларды сапалы түрде жүзеге асырудың маңызы ерекше. Олардың орындалуы саяси жүйемізді одан әрі дамытуға, азаматтарымыздың толыққанды дамуына, әл-ауқатының артуына және жайлы тұрмысына жағдай жасау болып табылады. Біздің алдымызда тұрған айнымас меже айқын. 

Біздің міндет мемлекет басшысының бастамаларын іске асыра отырып, елімізді дамыған мемлекеттердің қатарына қосу жолында аянбай еңбек етіп, кешенді шаралардың орындалуын заң тұрғысынан қамтамасыз ету.

Алдағы уақытта еліміздің әл-ауқатын одан әрі жақсартып, ел экономикасын дамыта түсуді көздейтін жұмыстарды орындауды әріптестерімізбен жалғастыратын боламыз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1336506
Пікірлер

Көрші сілтемелер