Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


БҚО мәслихатына жаңадан хатшы сайланды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 22:20 - 2021/01/15

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/bko-maslikhatyna-zhanadan-khatshy-saylandy


Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы болып, жаңадан хатшы сайланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық сайлау комисссиясының төрағасы Ғайса Қапақов сайлау қорытындысын жария етіп, депутаттарға мандаттар мен төсбелгілерін табыс етті.

Сессияға қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев осыған дейін халық қалаулысы болғандарға жемісті қызметі үшін ризашылығын білдіріп, жаңа құрамға табыс тіледі.

«Алда тұрған бес жыл мерзім ішінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында көп іс тындыруымыз керек. Тұрғындардың жайлы өмір сүруі сіздердің қандай шешім қабылдайтындарыңызға байланысты. Өңірге түбегейлі өзгерістер керек. Барлық саяси партия өкілдерімен бірлесе қызмет атқаруға дайынбыз. Бұл ретте мәслихаттың рөлі ерекше», деді өңір басшысы.


 

Мәслихат хатшысы болып осыған дейін БҚО әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған Бибігүл Қонысбаева сайланды.

Сондай-ақ төрт тұрақты комиссиялардың құрамы мен төрағалары бекітілді. 
Депуттаттық құрам едәуір жаңарды. Атап айтқанда, 31 депутаттың 21-і жаңадан сайланды. «Nur Otan» 25, «Ауыл» мен «Ақ жол» партиялары үш-үштен мандат алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-ның депутаттығына кімдер сайланғанын жазған болатынбыз.

Бұған дейін БҚО мәслихатының хатшысы қызметін атқарған Мәлік Құлшар Мәжіліс депутаты болып сайланды.






Суреттерді түсірген: Рафхат Халелов

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1336493
Пікірлер

Көрші сілтемелер