Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ауа райы: Қазақстанның 6 облысында ескерту жарияланды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 22:10 - 2021/01/15

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/aua-rayy-kazakstannyn-6-oblysynda-eskertu-zhariyalandy1


Қазақстанның 6 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 қаңтарда Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

16 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

16 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Орал қаласында 16 қаңтардатұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

16 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. 

Көкшетау қаласында 16 қаңтарда оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с болады.

16 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде 18 м/с, түнде Мұғалжар ауаданында екпіні 23 м/с болады.

16 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Петропавл қаласында түнде 16 қаңтарда оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1336492
Пікірлер

Көрші сілтемелер