Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Премьер-Министр он күн ішінде Президентке Үкімет құрамын ұсынады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 21:50 - 2021/01/15

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/premer-ministr-on-kun-ishinde-prezidentke-ukimet-kuramyn-usynady


Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті ҚР Конституциясында көзделген тәртіппен құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конституцияның 65-бабына сәйкес, республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. 

Содан кейін Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.

Еске сала кетсек, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин тағайындалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осыған дейін «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Үкімет басшысының кандидатурасына пікір білдіріп, Асқар Маминнің кандидатурасын қолдаған еді.

Сонымен бірге, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты. Мемлекет басшысы құрамы жаңғырған жаңа Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келетінін атап өтті. Ол – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен қазіргі заманғы Қазақстан парламентаризмінің ширек ғасырлық белеске жеткені. Мемлекет басшысы осы тарихи кезеңде сенім мандатына ие болған депутаттар халық үмітін ақтап, Отанымызға адал қызмет ететініне сенім білдірді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1336480
Пікірлер

Көрші сілтемелер