Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Атырау облысында шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 21:40 - 2021/01/15

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/atyrau-oblysynda-shikizattyk-emes-onimder-eksportynyn-kolemi-artady


Атырау облысында шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Азамат Сәлімбаевтың мәліметінше, шикізаттық емес өнімдер экспорты көлемін 130 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. 

«Осы бағыттағы жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жергілікті қамту үлесін арттыру, әсіресе жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалдары өндірісін дамыту бойынша жол картасы шеңберінде іске асады. Бұл бағытта мемлекеттік қолдау шараларын көрсету көзделіп отыр» - деді басқарма басшысы Азамат Сәлімбаев. 

Оның айтуынша, шикізаттық емес өнімдер экспорты көлемінің 80%-ға жуығын «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің өнімдері құрайды. Аталған кәсіпорын экспортқа бензин, авиакеросин, мазут секілді шикізаттық емес өнімдер шығарады. Ал 13,8%-ын полипропилен, полиэтилен өндірістері бойынша химия өнеркәсібі, 1,4%-ын қызметтер көрсету бағытындағы мұнай-газ машиналарын жасау, 0,7%-ын құрылыс материалдары мен 0,4%-ын тамақ өнеркәсібі салалары құрап отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында экспорт көлемі 758 млн долларға жеткенін хабарлап едік.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1336473
Пікірлер

Көрші сілтемелер