Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 21:30 - 2021/01/15

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/kr-prezidenti-premer-ministrdi-tagayyndauga-katysty-pikirtalas-ashyk-ari-aykyn-boldy


Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминнің тағайындалуына қатысты пікір білдірді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, жалпы отырыста ҚР Премьер-Министрі етіп Асқар Ұзақбайұлы Маминді тағайындауға келісім берілсін деген қаулының жобасы дауысқа қойылды. Қатысқан 99 депутаттың 78 жақтады, ал 21 депутат қалыс қалды. 

«Шын мәнінде өте қызық талқылау болды. Пікірталас өте ашық, анық әрі айқын болды. Сондықтан ризашылығымды білдіремін», - деп тоқталды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Осы орайда Мемлекет басшысы екі фракция, яғни «Ақ жол» партиясы мен Қазақсан Халық партиясы дауыс беру кезінде қалыс қалғанын еске салып, қалыс қалу – ол қарсы дауыс емес екенін айтты. 

«Асқар Ұзақбайұлын (Үкімет басшысын) шын жүректен құттықтаймын! Сізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан жұмысыңыз мардымды, табысты, жемісті бола берсін», - деді Мемлекет басшысы. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді.

Еске сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осыған дейін «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Үкімет басшысының кандидатурасына қатысты пікір білдірді.

«Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындыққа қарамастан, Үкімет өз жұмысын жақсы атқарды. Басқа елдерге қарағанда біз жаман нәтиже көрсеткен жоқпыз. Егер Президент Асқар Ұзақбайұлы Маминді ұсынса, онда мен фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1336468
Пікірлер

Көрші сілтемелер