Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қызылордада көлік апатынан 5 адам көз жұмып, 6 адам зардап шекті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 20:40 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/kyzylordada-kolik-apatynan-5-adam-koz-zhumyp-6-adam-zardap-shekti


Қызылорда облысында ірі көлік апатынан 5 адам көз жұмып, тағы 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

13 қаңтар күні сағат 14:30 шамасында Қызылорда-Құмкөл тас жолының 69 шақырымында «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-қа тиесілі «Mersedes-Benz sprinter» автокөлігі мен «СПМК» ЖШС-ға тиесілі «Toyota Hilux» автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде оқиға орнында «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмыскері және «СПМК» ЖШС 2 жұмыскері қаза тапты. 

Оқиға орнынан «жедел жәрдем» қызметі жоғарыда аталған компаниялардыңзардап шеккен 8 жұмыскерін қалалық ауруханаға жеткізді, олардың ішінде ауруханаға барар жолда «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмыскері көз жұмды, «СПМК» ЖШС-нің 1 жұмыскері ауруханада қайтыс болды, «Бастау-S» ЖШС-нің 1 жұмыскері реанимация бөлімшесіне жатқызылды, «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмыскері амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді, қалған 4 жұмыскер ауруханаға жатқызылды.

ЖКО салдарынан жалпы 5 адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақат алды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қызылорда облысындағы Қызылорда-Құмкөл тас жолында орын алған, нәтижесінде 5 адам қаза тапқан ірі ЖКО-ның мән-жайларын тексеру үшін комиссия құрды.

Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1335712
Пікірлер

Көрші сілтемелер