Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Атырауда архив құжаттары қоқысқа тасталған



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 20:20 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/atyrauda-arkhiv-kuzhattary-kokyska-tastalgan


Атырауда архив құжаттары қоқысқа тасталған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше,13 қаңтарда құрылыс қалдықтарының арасынан жеке куәлік, төлқұжат, азаматтардың өтініштері, төлем құжаттары, табысы туралы анықтамалар секілді құжаттар табылған.

«Полиция қызметкерлері аталған дерекке қатысты тексеру жүргізді. Тексеру кезінде қоқыстан барлық табылған құжат «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау филиалына тиесілі екені анықталды. Мұндай архив құжаттары мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде талап етіледі», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Қазір белгіленбеген жерге қоқыс тастаған автокөлік жүргізушісін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тексеру жүргізілуде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1335702
Пікірлер

Көрші сілтемелер