Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Павлодарлық оқушы қолжазбаны цифрлық форматқа ауыстыратын қосымша жасады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 20:10 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/pavlodarlyk-okushy-kolzhazbany-tsifrlyk-formatka-auystyratyn-kosymsha-zhasady


Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Алар Берікұлы қолжазбаны цифрлық форматқа көшіретін қосымша жасап шығарды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

Карантин уақытында қашықтан оқып, ғылыми ізденістерін дамытқан жас өнертапқыш сол арқылы мектеп архивін цифрландыруға үлес қосуға тырысқан. 

«Android жүйесіне арналған бағдарлама екі ай ішінде Java платформасында OpenCV және DL4J ашық кітапханалары негізінде жасалды. Мені нейрондық желілер қызықтырады. Басында Java арқылы жаңадан нейрондық желі құрастырған едім. Алайда ондағы үйрену мен болжау жылдамдығы төмен болғандықтан, жұмысты DL4J-ға көшірдім», - дейді Алар Берікұлы. 

Жасанды интеллект саласында жаңалық ашуды мақсат тұтқан оқушыға Торайғыров университетінің доценті Дария Әбікенова көмектескен. 

Бағдарламаның жұмыс принципіне келсек, аталған мобильдік қосымша қазақ тіліндегі қолжазбаларды сканерлеп, оны электрондық форматқа көшіреді. Сол арқылы ескі құжаттар мен хаттарды қайта терудің қажеті болмайды.

«Бағдарламаны әлі дамытуға болады. Мысалы, дәрігер рецептін оқыған адамдар медициналық терминдерді іздеп әуре болады. Бағдарлама бөлек жазылған сөздерді ғана тани алады. Бірақ кейбір адамдар олай жазбайды. Сол себепті қолжазба мәтін мен реккурентті нейрондық желіні біріктіру арқылы кез келген қолжазбаны еркін тани алатын жүйе жасауға болады», - дейді Алар Берікұлы. 

11-сынып оқушысының ұстазы Айдар Шайхимов айтып өткендей, қосымша толығымен әзір болып, патент алынғаннан соң Play Market-те орналастырылады. Айтуынша, «Жас дарын» мектебінің оқушылары одан бөлек, Е-кітапхана және Е-асхана бағдарламаларын жасаған. Оларға басқа мектептер де қызығушылық танытуда.

Қазақстанның ғылымына үлес қосуға бекінген Алар Берікұлы алдағы уақытта IT немесе нейрондық желілер саласында ізденістерін жалғастыруға ниетті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1335698
Пікірлер

Көрші сілтемелер