Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


БҚО мектептерінде білім беру форматына өзгеріс енгізілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 20:00 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/bko-mektepterinde-bilim-beru-formatyna-ozgeris-engizildi


Батыс Қазақстан облысы мектептерінде үшінші тоқсаннан бастап оқыту форматына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО Білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингіде мәлім еткендей, қазіргі кезде облыста оқыту штаттық, аралас және қашықтан жүргізілуде.

Оның айтуынша, өңірде 111 132 шәкірті бар 379 мектеп жұмыс істейді. 

Мектептерде санитарлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15 адамға дейін отыратын, балалар саны 300-ге дейінгі 256 мектепте 25881 бала (23,3 пайыз) - штаттық, 110 мектепте 85239 бала (76,7 пайыз) аралас режимде білім алуда. Ата-аналардың өтінішіне сәйкес 1 мектепте 12 бала (0,01 пайыз) қашықтан оқытылуда. 

Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша үшінші тоқсаннан бастап 9 және 11-інші (12) сынып оқушылары аралас сипатта білім алады. Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия және тарих пәндері, яғни барлық пәннің 70 пайызы мектепте оқытылады. 

«Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әртүрлі сыныптар үшін түрлі уақытта ұйымдастырылады. Сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны көбейтіліп, пәндердің 30 пайызы қашықтан оқытылады. Мұндай шешім ата-аналар мен көпшіліктің пікірін ескере отырып қабылданды», - деді Айгүл Мыңбаева. 

Оған қоса түлектердің оқу жылы соңында қорытынды аттестаттау, олардың колледжге түсу үшін кешенді емтихан, ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ тапсыратыны ескерілді. 

Оқушылардың бағдарламадан артта қалу деңгейін анықтау және оны теңестіру үшін консультациялық онкүндік ұйымдастыру жұмыстары басталды. Ата-аналар пікірін ескере отырып, кезекші сыныптарда дәстүрлі сипатта оқуға мүмкіндігі жоқ шәкірттерге мұғалімдердің қалауы бойынша жеке кеңес беріледі. Директормен кездесу, педагогикалық кеңес мәжілісі, ата-аналар жиналысы және басқа іс-шаралар қашықтан өтеді.

«Кәсіптік білім бойынша айтсақ, 1-семестрде облыс бойынша 1235 студенті бар 8 ауылдық және жабық мекемеде (РУ) орналасқан колледждер штаттық режимде жұмыс істеді. Екінші семестрден бастап 25 колледждегі 5376 1-курс студенттері аралас оқу форматына (пәндердің, модульдердің 70 пайызы штаттық, 30 пайызы қашықтан) көшті. Бұл колледждердегі 2-4 курс студенттері (10342 адам) қашықтан оқуды жалғастыратын болады. Ал өндірістік машықтан штаттық режимде өтеді. Колледждерде оқытуға және машықтан өтуге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгерістер енгізілуі мүмкін», - деді А.Мыңбаева.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1335694
Пікірлер

Көрші сілтемелер