Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстан түрмелерінде ондаған адам өзіне қол салмақ болған – полиция



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 04:10 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/kazakstan-turmelerinde-ondagan-adam-ozine-kol-salmak-bolgan-politsiya


Колониялардағы бейнебақылау камералары арқылы жеті мыңнан астам тәртіп бұзушылық анықталып, 65 суицидтің алды алынды, деп хабарлады Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, қазір қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінде бас бостандығынан айырылған адамдарды қадағалау бойынша жұмыс дамып жатыр.

Мекемелерді де, ҚАЖ жеке құрамын да техникалық жағынан жабдықтау және дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында 2015 жылдан бері бейнебақылау және алып жүруге болатын бейнетіркеу жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

"Мұндай шара мекемедегі адамдар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ұсталғандар мен қызметкерлер тарапынан құқыққа қайшы әрекеттердің жасалмауына бағытталған", – дейді қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бастығы Бақытжан Сәдібеков.

2015 жылы ҚАЖ мекемелерінде 7 мыңға жуық бейнебақылау камерасы болды, қазір олардың саны 14 мыңға жетті. Ал алып жүруге болатын бейнетіркегіш саны алты есе артты.

Қазір колониялардың техникалық жағынан жабдықталуы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның орындалуына қойылған міндетті толық көлемде шешуге мүмкіндік бермейді. Дей тұрғанмен бейнебақылау көмегімен 2020 жылдың өзінде жазаны өтеудің белгіленген тәртібінен жалтарған күдіктілер, айыпталушылар мен сотталғандар тарапынан 7 мыңнан астам тәртіп бұзушылық тіркелді.

Сонымен қатар бейнебақылау арқылы ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың заңсыз әрекетін уақытында анықтау нәтижесінде 2016 жылдан бастап 65 суицидке жол берілмеді. 2020 жылы осындай алты жағдай тіркелген.

"Бұл бағыт бойынша тиімділікті арттыру жұмыстары тоқтатылмайды. Президент тапсырмасымен республиканың ҚАЖ мекемелерінде жаппай бейнебақылау орнату жоспарланған. Қазір айыпталушылар мен сотталған азаматтармен жұмыс істейтін қызметкерлердің бейнетіркегішті алып жүру нормасын кеңейту мәселесі пысықталуда", – деп толықтырды Сәдібеков.

Ал бейнебақылау жазбасы ішкі тәртіпті бұзу туралы актілерді толтыру кезінде аудиовизуалды дәлел ретінде қолданылады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1335121
Пікірлер

Көрші сілтемелер