Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


14 қаңтарда ауа райы қандай болады?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 03:40 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/14-kantarda-aua-rayy-kanday-bolady


«Қазгидромет» синоптиктері 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан территориясы Салехард ауданынан келетін антициклон ықпалында болады. 

Тек еліміздің батыс аумағына Қара теңіз ауданынан келетін циклон өз әсерін тигізеді, соған байланысты батыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады. 

Сонымен қатар оңтүстік-батыста фронттардың өтуіне байланысты түнде және таңертең кей жерлерде қар жауады. 

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын көтеріледі. 

Оңтүстік-шығыс пен батыста көктайғақ сақталады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел екпіні - 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Жел қарқыны 23-28 м/с жетеді. 

Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын тұрады, жел жылдамдығы 25 м/с дейін күшейеді. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде боран соғады, желдің күші - 15-20, Мұғалжар ауданында - 23-28 м/с болады. 

Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні - 15-20 м/с. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде және таңертең жаяу бұрқасын көтеріледі. 

Алматы облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, боран соғады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1335113
Пікірлер

Көрші сілтемелер