Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


2020 жылы Қазақстанда 15,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 03:10 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/2020-zhyly-kazakstanda-153-million-sharshy-metr-turgyn-uy-salyndy


2020 жылы Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру жөніндегі бағдарламаның аясында барлық қаржыландыру көздерінен 15,3 млн. шаршы метр тұрғын үй саланып, 2019 жылғы көрсеткіштен 16,8% артты.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, жыл қорытындысы бойынша республикада барлығы 140 336 тұрғын үй пайдалануға берілді (оның 41 193 жеке үй), бұл өткен жылмен салыстырғанда сандық өсімі бойынша 21,8% құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің өсуі 15 аймақта байқалады:

Қарағанды ​​(125,8%), Солтүстік Қазақстан (122,4%), Жамбыл (121,7%), Шығыс Қазақстан (119%), Түркістан (118,6%), Қостанай (113,1%), Павлодар (112,1%), Батыс Қазақстан (109,1%), Ақмола (107,4%), Алматы (106,9%), Ақтөбе (101,8%), Маңғыстау (101,5%) облыстары және Нұр-Сұлтан (172,6%), Шымкент (123,9%) және Алматы (114,2%) қалалары.

«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй мәселелерін шешу және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Оның мақсаты тұрғын үйдің қол жетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту.

Бағдарламаны іске асыру жеке инвестицияларды тартуды ынталандырғанын атап өткен жөн. Жыл қорытындысы бойынша 1 теңге мемлекеттік қаражатқа 4 теңге жеке инвестиция тартылды.

2020 жылы тұрғын үй құрылысына шамамен 2 триллион теңгені құрайтын инвестиция тартылып, 2019 жылғы деңгейден 33,6% артты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1335107
Пікірлер

Көрші сілтемелер