Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкентке республикалық қала мәртебесін алғалы 1 трлн теңге инвестиция тартылған



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 19:10 - 2020/12/04

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/shymkentke-respublikalyk-kala-martebesin-algaly-1-trln-tenge-investitsiya-tartylgan


Шымкент қаласына республикалық қала мәртебесін алғалы, яғни 2 жылдың ішінде 1 трлн теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Шымкенттің республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына 2 жылдан астам уақыт өтті. Елбасы Жарлыққа қол қояр алдында Шымкенттің тек біздің елдің ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағының дамуына ықпал ететін орталық болатынын атап өткен болатын. Қазіргі күні бұл тарихи шешім қаламыздың болашағы үшін үлкен мүмкіндік ашты», - деді Шымкент қаласының әкімі. 

Мұрат Әйтеновтың айтуынша, осыдан 2 жыл бұрын өнеркәсіп өнім көлемі 319 млрд теңге болса, бүгінгі күні 523 млрд теңгеге жеткен. Республикалық мәртебе алғалы қалаға 1 трлн теңге инвестиция тартылған. 1,3 миллоннан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71 пайыздан 88 пайызға жеткен. Қала бюджеті 131,2 млрд теңгеден 455,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1313845
Пікірлер

Көрші сілтемелер