Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Грэмми» сыйлығына үміткер павлодарлық Иманбекпен облыс әкімі кездесті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 06:20 - 2020/11/28

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/gremmi-syylygyna-umitker-pavlodarlyk-imanbekpen-oblys-akimi-kezdesti


Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов «Грэмми» сыйлығына үміткер музыкант Иманбек Зейкеновпен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Павлодар облысы әкімдігінен мәлім еткендей, Әбілқайыр Сқақов павлодарлық музыкантқа қажетті қолдау көрсетуге уәде беріп, оған жанкүйер болатынын айтты.

Өз кезегінде Imanbek Remix лақап атымен танымал Иманбек Зейкенов өңір басшысына қазір де туған Ақсу қаласында ата-анасымен бірге тұрып жатқанын жеткізді. Биыл ол Торайғыров университетіне оқуға түсті, бірақ қазір қашықтан оқып жатыр. 

Айта кетсек, «Грэмми» сыйлығының жеңімпаздарын жариялау 2021 жылдың 31 қаңтарында өтеді. Ал 20 жастағы музыкантымыз танымал әлемдік әртістермен бірлесіп, ортақ жоба дайындап жатыр. 

«Бәріміз сен үшін жанкүйер боламыз. Сен біздің өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның нағыз мақтанышысың. Қажет болған жағдайда, біздің тарапымыздан кез келген көмек көрсетілетініне сенімді бол», - деді Әбілқайыр Сқақов. 

Музыкант әкімге алғысын білдірді. 

Сондай-ақ оның айтуынша, танымал болып кеткен «Roses» ремиксін жасау үшін бар болғаны 2 сағат 20 минут уақыты кеткен. 

«Бұрын музыка саласында бәрін байланыс пен ақша шешеді деп ойлайтынмын. Бірақ өзіме қарап, бұлай емес екеніне көзім жетті. Шын мәнінде басында менің жолым болып кетті деуге болады. Кейін менімен әріптестік орнатқан лейбл жігіттерімен көп жұмыстар атқардық. Музыканы жазу барысында адамдар оған қалай билейтінін, әуен қандай эмоциялар тудыратынын елестетемін», - деп бөлісті Иманбек. 

Өңір басшысы Иманбекке әрдайым жетістікке сенуді және өз бетінше биіктерге қол жеткізген қарапайым жігіт болып қалуды тіледі. Әбілқайыр Сқақов музыкантқа өзінің телефон нөмірін беріп, қажет болған жағдайда қоңырау шалуды ұсынды.

Иманбек Зейкенов - ақсулық диджей және музыкалық продюсер. Оған Saint jhn «Roses» әніне жазған ремикс үлкен танымалдық әкелді. Бұл трек «Үздік ремикс» номинациясында 2020 жылғы Грэмми сыйлығына ұсынылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1310484
Пікірлер

Көрші сілтемелер