Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркияда 4,7 балл қуатымен жер сілкінді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 05:20 - 2020/11/28

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/turkiyada-47-ball-kuatymen-zher-silkindi


Түркияның табиғат апаттарымен күрес агенттігінің мәліметі бойынша, жұма күні Түркияның шығысындағы Малатья провинциясында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар және табиғат апаттарымен күрес басқармасының (AFAD) дерегі бойынша, жерасты дүмпуі Путурдж ауданында жергілікті уақытпен 11:27-де 6,94 шақырым тереңдікте болған. 

Сондай-ақ зілзала жақын маңдағы Газиантеп, Шанлыурфа және Адияман провинцияларында сезілген. 

Малатья губернаторы Айдын Барус әзірге құрбандар мен мүлікке зақым келгені туралы ақпарат түспегенін айтты. 

«Жандармерия бригадасы мен AFAD қазір сол ауданда, біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз», - деді провинция басшысы Анадолы агенттігіне. 

Түркия негізгі жарық бойының жоғары жағында орналасқан, сол себепті бұл елде апатты зілзала жиі болады. 

Биыл 30 қазанда Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы Измир провинциясы Сеферихисар қаласы маңында Эгей теңізінде тіркелді. Измирдегі апат салдарынан 20 ғимарат қирап, 114 адам мерт болды, 1035 тұрғын зардап шеккен болатын. 

Еске сала кетсек, Измит қаласында 1999 жылы 7,6 балдық зілзала болып, 17 мыңнан аса тұрғын қаза тапты. 2011 жылы Ване қаласындағы жерасты дүмпуінен 500-ден аса адам көз жұмды. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1310474
Пікірлер

Көрші сілтемелер