Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 04:50 - 2020/11/28

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/nazarbaev-qazaqstan-telearnasyna-sukhbat-berdi


ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайға берген сұхбаты негізінде «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі дайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Фильмде Елбасы облыс мәртебесіне ие болған Түркістан қаласының қайта жаңғыруы, тарихи шешімнің мәні мен маңызы, көне шаһардың туристік әлеуеті мен халықаралық аренадағы беделі, қаланың келешек жоспарлары туралы жан-жақты баяндайды. 

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев телеарнаға берген сұхбатында Түркістанның Орталық Азиядағы және түркі әлеміндегі орны, «Түркі әлемінің киелі жерлері» жобасы, «Керуен-сарай» көпфункционалдық туристік кешенінің әлеуеті, қала аумағын көгалдандыру және Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жобаларының нәтижесі мен олардың азаматтардың әл-ауқатын жақсартудағы ықпалы туралы туралы айтады. 

Деректі туынды «Qazaqstan» арнасынан 1 желтоқсан сағат 20:00-де эфирге шығады. 

Еске салайық, 1 желтоқсан күні сондай-ақ сағат 21:40-та «Хабар» телеарнасында журналист Айгүл Әділованың «Портреттің штрихтары» деректі фильмінің бірінші сериясының премьерасы өтеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1310470
Пікірлер

Көрші сілтемелер