Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Батыс Қазақстанда санитарлық постар алынады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 06:10 - 2020/11/22

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/batys-kazakstanda-sanitarlyk-postar-alynady


БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қаулы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес облыстағы санитарлық посттар алынады.

Сондай-ақ сенбі күндері сауда үйлері, жабық базарлар ашық болады, қоғамдық көліктер жүреді. Ал ашық базарлар жексенбі күні де жұмыс істейді. 

Есесіне жексенбі және мереке күндері сауда үйлері мен орталықтары (бутиктер, павильондар), онда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жабық базарлар жұмыс істемейді. Сол секілді қоғамдық көліктер де бұл күндері тоқтатылады. 

Облыс көлемінде басқа да шектеулер сақталады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1306581
Пікірлер

Көрші сілтемелер