Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстан азаматтары отандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцинаны салдыруда



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 01:30 - 2020/10/19

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/kazakstan-azamattary-otandyk-galymdar-azirlegen-covid-19-ga-karsy-vaktsinany-saldyruda


Қазақстан азаматтары өз еріктерімен отандық ғалымдар әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны тәжірибе ретінде салдырылып жатыр. Солардың бірі - саясаттанушы Мақсат Жақау вакцинациядан өткендігін Facebook парақшасында жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін адамзаттың қас жауына айналған COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны арнайы медициналық тексерулерден іріктеліп, өз еркіммен салдырдым. Қатысушылар көп. Бірақ денсаулықтарына байланысты көбі өтпеді. 18-бен 50 жас аралығындағы кандидаттар тізімімен вакцинацияның екінші кезеңінде тәжірибелік топқа ендім. Вакцинаны жасаумен медицина ғылымында есімдері әлемге танылған профессорлар айналысты. Бұл ғылымымыздың жоғарғы көрсеткішін танытады. Бұйырса вакцинаның оң нәтижелеріне қарай еліміздің ғана емес, әлемдік деңгейде адамзаттың игілігіне қолданатын ем-домның шығуына сенуіміз керек. Бастысы вирус болса оның антивирусы да болуы керек. Отандық ғылым сол жолда ізденіс үстінде», - дейді Мақсат Жақау. 

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те коронавирус індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаны салдырғандығын айтқан болатын. 

Бұған дейін ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталған хабарлаған едік.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1282873
Пікірлер

Көрші сілтемелер