Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Футбол: Бірінші лига ойындары басталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 15:50 - 2020/09/16

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/futbol-birinshi-liga-oyyndary-bastaldy


Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы доп додасының 1-7 тур ойындарының күнтізбесін жариялады. Жаңа маусымда командалар екі конференция бойынша сынға түседі. 

Бірінші конференцияда «Ақтөбе», «Алтай», «Мақтаарал», «Байқоңыр», «Қыран», «Екібастұз» және «Арыс» командалары шеберлік байқасады. Бұл ойындар Шымкент қаласындағы «Биік» спорт кешенінде өткізіледі. 

Екінші конференцияда «Атырау», «Ақжайық», «Жетісу Б», «Қайрат-Жастар», «Академия Оңтүстік», «Шахтер-Болат» және СДЮСШОР № 8 командалары ойнайды. Аталған командалар Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар базасында жасыл алаңға шығады.

Командалар алғашқы тур ойындарын өткізді. Бірінші конференцияда «Арыс» «Алтайдан» 2:0, «Екібастұз» «Мақтаралдан» 3:2, «Қыран» «Байқоңырдан» 3:0 есебімен басым түсті. Ал екінші конференцияда «Жетісу Б» «Шахтер-Болатты» 4:1, «Академия-Оңтүстік» «Қайрат-жастарды» 3:1 есебімен тізе бүктірді. Бүгін «Ақжайық» пен СДЮСШОР № 8 командалары арасында ойын өтеді. 

Біріншілік екі айналымнан тұрады. Әрбір конференция жеңімпазы Премьер-лигаға жолдама алады. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1261451
Пікірлер

Көрші сілтемелер