Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жаңартылған статистика: Бір тәулікте коронавирустан 36, пневмониядан 30 адам қайтыс болды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 17:20 - 2020/08/02

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/zhanartylgan-statistika-bir-taulikte-koronavirustan-36-pnevmoniyadan-30-adam-kaytys-boldy


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша жаңартылған статистиканы ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2020 жылдың 1 тамызынан бастап зертханада анықталған COVID-19 бен ПТР-тест нәтижесі таза, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмония бірге есепке алынады. 

«2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, 1 226 адамнан COVID-19 анықталып, соңғы тәулікте 36 адам қайтыс болды. 5 181 науқас зертханада анықталмаған, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмонияға шалдыққан. Өткен тәулікте осы диагноздан 30 пациент қайтыс болды», - делінген министрлік хабарламасында. 

COVID–19 және пневмонияға шалдыққан науқастар туралы мәлімет барынша ашық болу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 18 шілдеден бастап статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін анықтады.

ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық Бюросымен бірқатар техникалық консультация жүргізілгенннен кейін, COVID-19 аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа коды бойынша кодтау және есепке алу туралы шешім қабылданды.

Жалпы коронавирусқа қатысты жаңартылған мәліметтер төрт цифрға негізделеді.

Бірінші көрсеткіш - коронавирус ПТР сынағымен расталған пациенттер, екіншісі - өлім жағдайлары, үшіншісі - ПТР сынамаларымен дәлелденбеген ықтимал ауырған пациенттер, төртіншісі - ПТР сынамаларымен дәлелденбеген бірақ өлім нәтижелері көрсеткен жағдайлар.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1232292
Пікірлер

Көрші сілтемелер