Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қарағандыда Covid-19 мәселелері бойынша Telegram-бот іске қосылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 18:50 - 2020/07/16

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/karagandyda-covid-19-maseleleri-boyynsha-telegram-bot-iske-kosyldy1


Қарағанды облысында коронавирус инфекциясы туралы жан-жақты ақпарат ұсынатын Telegram-бот іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті және республикалық мамандардың кеңестері мен түсіндірмелері бір жерде жинақталған. Телеграм арнаға жазылғандар қызықтырған сұрақтарына еш қиындықсыз жауап таба алады.

Халықпен диалог орнату үшін құрылған Senim109 қызметі (Қарағанды облысының бірыңғай үйлестіру орталығы) денсаулық сақтауға арналған арнайы бөлім әзірледі. Барлық ақпарат Senim109.kz Telegram-ботында қолжетімді.

Үйде карантин кезінде не істеу керек? COVID-19 белгілері және ауруға күдік пайда болғанда қандай әрекеттер жасау керек? ПТР-тест және компьютерлік томографияны қашан жасау керек? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға осында жауап берілген.

Бөлім үнемі жаңартылып, пайдалы мәліметтермен толығып отырады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1221766
Пікірлер

Көрші сілтемелер