Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Көпбалалы ана ауруханаға күнде 10-15 литр тегін саумал әкеледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 18:30 - 2020/07/16

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/kopbalaly-ana-aurukhanaga-kunde-10-15-litr-tegin-saumal-akeledi


Көпбалалы Мейрамгүл Мұқаева Панфилов аудандық аурухананың провизорлық бөлімде ауырып жатқан науқастарға тегін саумал әкелуде, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облысындағы Панфилов ауданындағы Шолақай ауылының тұрғыны Мейрамгүл Мұқаева күнде таңертең ауруханаға 10- 15 литр саумал жеткізеді. Бұдан бөлек сауыншы апаның үйінен саумал ішетіндердің де қарасы көп. 

«Қазір еліміз қиын кезді бастан өткізіп жатыр. Жерлестерім, жақындарым аурып жатқанда менің қолымнан келетін көмегім осы. Саумал барлық ауруға шипа. Сондықтан ауруханаға көмек етейін деп шештім», - дейді көпбалалы ана.

Ал, аудандық бас дәрігер Төлеу Сарпеков саумалдың науқастарға пайдасы бар екенін айтады. 

«Қазір саумал келген бойда емделушілерге нормамен беріп жатырмыз. Осы орайда Мейрамгүл апамызға аурухана ұжымы атынан алғыс білдіремін», - деді ол.

1964 жылдан бері бие байлап, саумалының емдік қасиетін пайдаланып келе жатқан сауыншы бес бала тәрбиелеп, немерелеріне жылқы малының пайдасын үйретумен келеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1221756
Пікірлер

Көрші сілтемелер