Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Теміртауда карантин кезінде барлар мен дүкендер жұмыс істеген



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 18:20 - 2020/07/16

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/temirtauda-karantin-kezinde-barlar-men-dukender-zhumys-istegen


Теміртау қаласында Жедел ден қою орталығы рейд жасау барысында карантин режимін бұзған ойын-сауық орындары мен сауда нысандарын анықтады. Мобильді топ мүшелері көлік жуу, ТҚС, кальян, барлар мен дүкендерге ерекше назар аударды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қарағанды облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан «Алтын» дүкенінің иелеріне 230 АЕК (640 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады. Дүкен, карантин кезінде салынған тыйымға қарамастан, 22.00 кейін жұмыс істеген. Бұл ретте жедел әрекет ету орталығының қызметкерлері сауда залына кірер алдында әлеуметтік қашықтықты сақтамайтын адамдардың көп шоғырлануын байқаған.

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын сақтамағаны үшін Eclipse лаунж-барының және Prize автокешенінің иелері де жазаға тартылады. Бұл нысандар да түнгі уақытта жұмыс істеген.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда осыған дейін мобильдік топтар карантин кезінде қызметіне тыйым салынғанына қарамастан жұмыс істеп тұрған нысандарды (компьютерлік клуб, караоке, кальян және т. б.) анықтаған болатын.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1221747
Пікірлер

Көрші сілтемелер