Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстандағы стационарларда қосымша 10 мың төсек-орын даярланады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 15:50 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/kazakstandagy-statsionarlarda-kosymsha-10-myn-tosek-oryn-dayarlanady


Осы жылдың тамыз айының соңына дейін еліміздегі стационарларда қосымша 10 мың төсек-орын даярланады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл вирустың бір ерекшелігі – пациенттер көбіне стационарлық ем-домға және тыныс алуды жасанды түрде қолдауға мұқтаж. Қазіргі таңда елдегі стационарлық төсек-орындардың толымдылығы - 60 пайыз. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл көрсеткіш – 90 пайыз. COVID-19 пациенттерін емдеу үшін 348 медициналық ұйымда 26 мың төсек-орын әзірленді», - деді Алексей Цой.

Министрдің хабарлауынша, тамыз айының соңына дейін стационарларда 10 мың төсек-орын даярланады. Ол стационарлардың құрылымында жан сақтау бөлімшелері мен интенсивті терапия палаталары ашылып, өкпені жасанды желдету аппараттары қойылады.

«Өкпені жасанды желдету аппараттарының жалпы саны – 3 294. Кейінгі айда 978 аппарат сатып алынды. Оған қосымша осы аппараттың 1 мыңын сатып алу көзделуде», - деді ол.

Еске сала кетсек, Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Бұл тапсырманы коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген еді. Өз тарапынан Денсаулық сақтау министрі қатаң карантин бойынша түпкілікті шешім жақында қабылданатынын хабарлаған болатын.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1211053
Пікірлер

Көрші сілтемелер