Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматының жабылатыны туралы тараған ақпарат жалған – әкімдік



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 15:40 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/almatynyn-zhabylatyny-turaly-taragan-akparat-zhalgan-akimdik


Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының жабылатыны туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы қала әкімдігі жанынан құрылған коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі комиссия мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ағымдағы жылдың 30 маусымы сағат 00:00-ден бастап белгіленбеген мерзімге дейін қосымша шектеу шараларын енгізу, оның ішінде ірі сауда нысандарының және жаяу жүргіншілер аймақтарының, саябақтардың, скверлердің, қалаға кіріп-шығатын жолдардың жабылатыны туралы ақпарат тарады.

Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі жанынан құрылған коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі комиссия аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлім етті.

«Алматыдағы коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі комиссия қаланың ресми дерек көздерінде жарияланған ақпаратты ғана қолдануға шақырады. Сонымен бірге, жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз»,– делінген хабарламада.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1211042
Пікірлер

Көрші сілтемелер