Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Аймағамбетов: Ұстаздарға деген алғысымды бір сөзбен жеткізу мүмкін емес (Видео)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 17:40 - 2020/05/25

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/aymagambetov-ustazdarga-degen-algysymdy-bir-sozben-zhetkizu-mumkin-emes-video


ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Барлығымыз үшін биылғы 25 мамыр ерекше форматта өтіп жатыр. Әлемдік пандемия біздің күнделікті өмірімізді түбегейлі өзгертті. Биылғы оқу жылы 4 миллионнан астам оқушы мен студенттің есінде қашықтан оқыту форматына көшумен сақталады деп ойлаймын. Қысқа уақыттың ішінде барлығыңыз жұмысты дұрыс ұйымдастыра білдіңіздер. Бұл мұғалімдердің, ата-аналардың, оқушылардың бірлескен әрекетінің нәтижесі деп білемін. Бүгін мен әрқайсыңызға жеке тоқталғым келеді. Сіздер жаңа жағдайда жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, нағыз ерлік таныттыңыздар. Ұстаздарға деген алғысымды бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сіздер қиын жағдайға қарамастан оқушыларды білім нәрімен сусындатып, оқу барысында тынымсыз еңбек еттіңіздер. Сіздердің арқаларыңызды 4-тоқсан толықтай қашықтан оқыту форматында өтті», - деді министр Facebook парақшасында жарияланған құттықтауында.

Оның атап өтуінше, бұл - біздің білім саласында бұрын-соңды болмаған оқиға. 

«Қиын кезде балаларына тіреу бола білген ата-аналардың да еңбегі өлшеусіз. Сіздердің қолдауларыңыз, үйде отырып білім алуға жағдай жасауларыңыз қашықтан оқытуды ұйымдастыруға бізге мүмкіндік берді. Иә, әрине сын көп айтылды. Дегенмен, сзідер түсіністік танытып, балаларымыздың болашағы үшін осы мәселені жеңіл қабылдадыңыздар. Сол үшін сіздерге алғыс айтамын. Оқушыларға деген ризашылығым шексіз. Олар жауапкершілікті ата-аналарымен теңдей бөлісіп, тәртіпті және алғыр бола білді. Енді міне, білімге деген құштарлықты жоғалтпай оқу жылын ойдағыдай аяқтап жатыр. Бұл шын мәнінде ересек адамдарға тән қасиет деп айтқым келеді», - деді Асхат Аймағамбетов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1186195
Пікірлер

Көрші сілтемелер