Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Пәкістанда кемінде 90 адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 04:30 - 2020/05/23

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/pakistanda-keminde-90-adam-mingen-zholaushylar-ushagy-apatka-ushyrady


Пәкістанда Карачи әуежайының маңында "Пәкістан халықаралық әуе желісінің" жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Reuters-тің жазуынша, ұшақ бортында 107 адам: 99 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған. Пәкістанның ресми органдарына сілтеген кейбір халықаралық басылымдар ұшақта кемінде 91 адам болған деп хабарлады. 

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Airbus A320 ұшағы Карачи қаласынан Лахорға жолаушылар тасымалдаған. Жерге қонуға шамамен бір минут қалған кезде құлаған. 

Geo.tv хабарлауынша, ұшақ құлаған ауданда бірнеше тұрғын үй бүлінген. Оқиға орнында пәкістандық әскерилер мен арнайы қызмет өкілдері құтқару операциясын жүргізіп жатыр.

Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1184824
Пікірлер

Көрші сілтемелер