Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда аялдама мен автобустарға видеокамералар орнату ұсынылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 02:50 - 2020/05/23

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/almatyda-ayaldama-men-avtobustarga-videokameralar-ornatu-usynyldy


Алматыда полиция қызметкерлері аялдамалар мен қоғамдық көлік салондарына видеокамералар орнатуды ұсынуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қылмыстың 60%-ы ұрлық. Десекте, пәтер ұрлығы 46,4%-ға, автомобиль ұрлығы - 3,5 есеге, көлік салонын тонау - 2,4 есеге, бүйір айналарды ұрлау - 4,2 есеге азайды», - деді Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов брифинг барысында. 

Оның айтуынша, криминалдық полиция қызметкерлерінің 70%-ы ұрлықты ашуға жұмылдырылған. Ұрланған мүлікті сатып алушыларға қатысты тиісті шаралар қолданылып жатыр.

Сонымен қатар, спикер ұрлықтың 25%-ы қоғамдық көліктерде немесе аялдамаларда жасалатындығын атап өтті.

«Қалада 2 мың аялдама пункті бар, онда бейнебақылау камералары жоқ. 1771 қоғамдық көлік бар. Олар да толықтай бейнебақылаумен жабдықталмаған», - дейді Қанат Таймерденов.

Ұрлықтың алдын алу және азайту маұсатында полиция әкімдікпен бірлесіп, аялдамалар мен қоғамдық көлік салондарына бейнебақылау камераларын орнатуды көздеп отыр. Бұл қалта ұрыларын тез анықтауға мүмкіндік береді.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жалпы мегаполистегі қылмыс 44%-ға төмендеген.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1184796
Пікірлер

Көрші сілтемелер