Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Көпбалалы аналардың пойыз билетін арзанға алуына жеңілдік беретін карта жасалады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 01:50 - 2020/02/19


Елімізде көпбалалы аналарға арналған теміржол жеңілдік картасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы жолаушы вагондары паркін жаңарту және билет жетіспеушілігін жою мақсатында Маңғыстау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Атырау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Алматы-Атырау, Маңғыстау-Алматы және Нұр-Сұлтан-Сарыағаш бағыттарына 109 вагон сатып алынды», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев.

Ол 2019 жылы жолаушылар құжаттары толық электронды жүйеге көшкенін атап өтті.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға 50% жеңілдігі бар тарифтер ұсынылды. Болашақта бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, көпбалалы аналарға арналған жеңілдік картасы жасалады», - дейді ол.

Ол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында вагондар паркін жаңарту жұмысы жалғасын табатынын айтты.

«2025 жылға дейін 600 жолаушы вагонын алу жоспарланған», - дейді вице-министр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1116498
Пікірлер

Көрші сілтемелер