Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада полиция ағайынды ұрыларды ұстады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 01:31 - 2020/02/19


Елордалық полицейлер күндіз үйлер мен барактарды тонаған екі ағайындыны ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ЕлордаИнфоға сілтеме жасап.

Ұрылар соңғы жолы Байқоңыр көшесіндегі үйден әйелдің қаракүзен ішігін ұрлаған. Есіктің құлыпталмағанын пайдаланып, олар үйге кіріп, құны 150 мың теңге тұратын ішікті алып кеткен, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция бөлімінің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу барысында олар ұрланған затты ломбардқа кепілге беріп, ол жерден 20 мың теңге алып шыққаны анықталды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ұрының үйінен басқа да ұрланған заттарды тәркіледі.

Ұсталған 47 және 40 жастағы ағайындылар кінәсын мойындады. Екеуі де бұрын сотталған. Айғақ заттар тәркіленді. Полицейлер ұсталған күдіктілердің бес эпизод бойынша айыбын дәлелдеді.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың үстінен ҚР ҚК-нің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті жыл басынан бері заң ұрлық үшін жауапкершілікті күшейткенін еске салады. Енді қылмыстың бұл түрі ауыр санатқа ауысты. Айыптының мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, мәмілеге келу де алып тасталған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1116493
Пікірлер

Көрші сілтемелер