Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Питер Фостер: FlyArystan билеттерінің орташа бағасы - 13 мың теңге



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 01:02 - 2020/02/19


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде қазақстандық FlyArystan лоукостер арқылы 875 мыңнан астам билет сатылғаны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Авиабилет құнын азайту және әуе тасымалдауда бәсекені арттырудың негізгі әдісінің бірі ретінде өткен жылы алғаш рет қазақстандық FlyArystan лоукостерін іске қостық. 2019 жылы 875 мыңнан астам билет сатылды, оның 50%-ының бағасы 10 мың теңгеден төмен», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Постерден лоукостердің баға саясаты туралы сұрады.

«FlyArystan билет бағасы қаншалықты төмендеді? Билеттің жартысы ең төменгі бағамен сатылса, ол Air Astana көрсеткішіне қалай әсер етті?», - деп сұрады ол.

Питер Фостер FlyArystan тарифтері бәсекеге қабілетті екенін айтты.

«1 мамыр мен осы уақытқа дейін сатылған билеттердің орташа құны - 13 мың теңге. FlyArystan сатқан билеттер Air Astana көрсеткішіне әсер еткен кезі болды. Ішкі нарықта тарифтер орта есеппен 10% төмендеді», - деді Питер Фостер.

Air Astana басшысы ішкі жолаушылар ағынының жалпы өсімі 2019 жылдың 1 мамырында 62% құрағанын айтты.

«Қазіргі таңда Қазақстанда Air Astana компаниялар тобы әлемдегі әуе тасымалы бойынша ішкі нарығы ең жылдам өсіп келе жатқанын көрсетті. Біз осындай нәтиже болғаны үшін қуаныштымыз», - дейді ол.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1116484
Пікірлер

Көрші сілтемелер