Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ұлыбританияда жойқын су тасқынынан 6 адам көз жұмды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 00:31 - 2020/02/19


Уэльсте толассыз жауған жаңбыр салдарынан жойқын су тасқыны болып, алты адам қаза тапқан, деп хабарлайды The Guardian басылымы.

Соңғы, алтыншы адам - Бирмингем тұрғыны жексенбі күні қаза тапты.

Ел тарихындағы ірі су тасқынынан зардап шеккен Уэльс 48 сағаттың ішінде бұдан да қатты жауатын жауынға дайындалып жатыр.

Сәрсенбі күні кешке қарай Уэльстің солтүстік және оңтүстік аудандарында нөсер жауын жаууы мүмкін. Бұл «Деннис» дауылының салдарынан қираған аумақты тазалау операциясына кедергі келтірмек.

Кей деректер бойынша, Уэльсте 600 адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған, сондай-ақ бір мыңнан астам үй дауыл мен су тасқынынан қатты зақымданған.

Бүгін таңертең британ метеорологтары Англия мен Уэльстегі су тасқыны туралы ескертті.

Вустершир және Глостершир графтықтарындағы бірнеше қаланың тұрғындарына дүйсенбі күні кешкісін эвакуация жөнінде кеңес берілді. Себебі Северн өзені арнасынан тасуы мүмкін.

Осы аптаның ішінде Англияның солтүстігінде де жаңбыр жауып, өзендер тасуы мүмкін деп күтілуде. Бұл туралы Ұлыбритания қоршаған ортаны қорғау басқармасы хабарлады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1116474
Пікірлер

Көрші сілтемелер