Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Орал тұрғыны ауруханаға от қойды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 00:11 - 2020/02/19


Оралдың қырық екі жастағы тұрғыны аудандық ауруханаға өрт қойды.

Ер адам Тасқала ауданының орталық аудандық ауруханасының терапия бөлімшесінің №8 палатасындағы төсенішті өртеген, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Осыдан кейін ер адам екінші қабаттың терезесінен секіріп түсіп, ізін суытқан. Полицейлер оны іздеп жатыр.

"Өрт аумағы 15 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 06.16-да сөндірілді. Оқиға орнында 11 өрт сөндіруші мен үш техника жұмыс істеді", - деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ауруханадан 20 науқас, оның ішінде төрт бала мен медициналық мекеменің сегіз қызметкері эвакуацияланды. Екі адам құтқарылды, олардың бірі – бала.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1116467
Пікірлер

Көрші сілтемелер