Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сирия парламенті армян қырғынын геноцид деп таныды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 20:10 - 2020/02/14


Сирияның халықтық кеңесінің мүшелері 20 ғасырдың басында Осман империясының армяндарға жасаған геноцидін айыптайтын резолюцияға дауыс беріп жатыр. Дамаск, 13 ақпан 2020 жыл.

Сирия парламенті бір ғасыр бұрын Осман империясында болған армян қырғынын геноцид деп таныды.

Сирия парламенті Түркия мен Сирия арасында Идлиб провинциясындағы қақтығысқа байланысты жағдай ушыққан кезде резолюцияны талқыға шығарып, қабылдады.

Президент Башар Асад үкіметінің жақтастарынан құралған Сирияның халықтық кеңесінің мүшелері 20 ғасырдың басында Осман империясының армяндарға жасаған геноцидін айыптайтын резолюцияны бір ауыздан мақұлдады.

Азаматтық соғысқа дейін Сирияда жүз мыңнан астам этникалық армян тұрды. Көбі соғыстан кейін бас сауғалап Арменияға қашты.

Қазіргі Сирия парламенті 2016 жылғы сайлаудан кейін жасақталған. Ол кезде соғысқа байланысты азаматтардың көбі дауыс бере алмады. Сирия оппозициясы оны мойындамайды.

Түркия резолюцияны сынап, Сирия билігі "екіжүзділік жасап отыр" деді.

Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін Осман империясындағы түріктер мұсылман мемлекетіндегі азшылық саналатын, христиан дінін ұстанатын 1,5 миллион армянды өлтіріп, жер аударған. Көп тарихшы мен бірқатар мемлекет бұл оқиғаны геноцид деп таныған.

Түркия 20 ғасырдың басындағы қырғынды "геноцид" деп атауға қарсы. Анкара армяндар Осман империясы билігінің әдейі жоспарлаған іс-әрекетінен емес, азамат соғысының құрбаны болған және қаза тапқан армяндар саны 1,5 миллионнан әлдеқайда аз дейді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1114029
Пікірлер

Көрші сілтемелер