Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-272008846265 %35 %
2020-01-281599433536 %64 %
2020-01-2933577141 %59 %

Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президентін қабылдады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 21:00 - 2019/12/10


Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай компаниясының 2019 жылы Қазақстанда атқарған жұмыстарының есебі берілді. Сондай-ақ Вагит Алекперов «Жеңіс» және «I-P-2» теңіз жобаларын жүзеге асырудың қазіргі ахуалы мен перспективалары туралы баяндады.

Ресей бизнесмені Қазақстан Президентіне Алматы облысында биыл қыркүйек айында ашылған «ЛУКОЙЛ» жағармай өнімдерін шығаратын зауыт жұмысының алғашқы нәтижелері жайында мәлімет берді.

Мемлекет басшысы осындай зауыт салғаны үшін Вагит Алекперовке ризашылығын білдірді.

– Бұл – сіздің компанияның Қазақстан экономикасына қосқан елеулі үлесі. Мұндай бағыттағы инвестицияларға жан-жақты қолдау көрсетеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Вагит Алекперов аталған өндіріс нысаны компанияның мақтанышына айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпорын 700-ге жуық өнім түрін шығарады және бір жарым айдың ішінде өзінің жобалық қуатына толық жетеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1082545
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар