Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-212416771848 %52 %
2019-11-22763105256 %44 %

Бөгде адамның қолында болған Досжан ишанның мөрі музейге тапсырылады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 13:50 - 2019/11/09


Құнанбаймен бірге Меккеде қонақүй салдырған, ислам дінін таратушы Досжан ишанның мөрі енді музейге тапсырылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облысы, Темір ауданының тұрғыны бұған дейін мөрді 1 миллион теңгеге бағалаған болатын. Аудан әкімі Жолдас Қалмағанбетов мөр Шұбарқұдық тұрғынынан Досжан ишан ұрпағына берілгенін, ұрпағы оны музейге тапсыратынын хабарлады.

«Әрқилы себептермен жеке адамның қолында сақталған Досжан Хазіреттің мөрі заңды мұрагері, атаның шөпшегі Асқар Хабибуллиннің қолына тиді. Асқар бауырымыз Хазіреттен қалған Құран кітабы мен мөрді облыстық музейге тапсыруды мақсат етіп отыр. Мөрде арабша: «Аллаға құлшылық етуші молла Досмухаммад ибн Қашақ 1248» (Хижра жыл есебімен) деп жазылған. Қасиетті жәдігердің ел игілігіне айналатындығына қуаныштымын. Бабаның мұрасын іздеген бауырымыз Асқарға, соншама жыл мұқият сақтаған Шұбарқұдықтың тұрғынына шынайы алғысымды білдіремін», - деп жазды аудан әкімі Ж.Қалмағанбетов.

 

Айта кетейік, аудандағы Досжан ишан мешіті қайта қалпына келтіріледі. Бұл жұмыс келер жылы аяқталады. Сонымен қатар Хазірет ұрпақтары бұлақ көзін ашып, ел игілігіне пайдалануға беріп қойған.

«Бұл мөр ауыл тұрғынының қолында 10 жылға жуық уақыт сақталды. Біз іздеп, жан-жақтан сұрап, сақтаушыны таптық. Көп қаржы сұрады, бірақ ортақ келісімге келдік. Бүгін таңертең келіп, алып, алғысымызды білдірдік. Өзімізде https://izbasar.kz/ порталы бар. Тек Досжан Хазіреттің емес, Ақтөбе облысындағы ишандарды, ірі тұлғаларды қосамыз. Қазір өзімізде атамыз ұстаған Құран кәрім бар. Порталда электронды нұсқасы тұр. Досжан ишан қорымында ашық аспан астындағы музей болады. Келер жылы жұмыс аяқталған соң мөр мен кітапты музейге тапсырамын. Құнды жәдігерді тек бір отбасы емес, өскелең ұрпақ көріп, біліп өсуі тиіс», - деді Досжан ишан ұрпағы Асқар Хабибуллин.

Досжан ишанның екі мөрі болған. Бірі төс мөрі, екіншісі қол мөрі. Қол мөрі табылмады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1069862
Пікірлер

Көрші сілтемелер