Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-15565158330 %70 %

Нұр-Сұлтан қаласын ТОП-50 туристік бағыт қатарына енгізгіміз келеді - Мамин



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 14:50 - 2019/10/10


Елордада Бүкіләлемдік туристік ұйымының (UNWTO) қала туризміне қатысты VIII жаһандық саммиті басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға әлемнің 80 елінен 1400 қатысушы жиналды. Олардың арасында танымал сәулетшілер, журналистер және мемлекеттік, туристік ұйымдардың өкілдері бар.

«Бүгінгі саммит – туристік индустрияны дамытудағы маңызды платформа. Қазіргі уақытта туризм жаһандық жалпы ішкі өнімнің 10%, жұмыс орындарының 10% және барлық индустрияның 5% құрайды. Жаһандық нарықта туризм индустриясы қарқынды дамып келеді. Соңғы 10 жылда туристер саны артты. Бұл, туризмді насихаттап отырған мемлекеттердің экономикасы үшін маңызды. Соңғы уақытта аталмыш сала қалалардың тұрақты дамуына көмектескенін көріп отырмыз. Біздің де әлеуетті арттыра түсу туралы мақсатымыз бар. Елімізде және қалаларымызда туризмді дамыту үшін халықаралық ұйымдар мен халықаралық компанияларды тартқымыз келеді», - деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин самиттің ашылуында.

ҚР Премьері Қазақстан Үкіметі 2019-2025 жылдарға арналған Туризмді дамыту бағдарламасын әзірлегенін еске салды.

«Бағдарламаға сәйкес, ЖІӨ-дегі туризм үлесін арттырғымыз келеді. Оның экономика дамуына елеулі үлес қосқанын қалаймыз. Туризмді дамыту үшін мемлекеттік сектордан да, жеке сектордан да қаржыландыру қажет. Алайда, бұл салада үлкен бәсекелестік бар екенін де түсінеміз. Нұр-Сұлтан қаласының ең үздік 50 тартымды туристік бағыттың қатарына енуін қалаймыз. Оған түрлі кедергілердің бар екенін білеміз. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласын туризмді дамытудағы негізгі қала ретінде бекіткіміз келеді», - деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, елордада құрылысқа салынған инвестиция көлемі артып, 3,3 трлн теңгеге немесе 50 млрд долларға жеткен.

«Сонымен бірге, біз қала дамуы үшін заңнамалық базаны дамытамыз. Нұр-Сұлтан «ақылды технологияларды» дамытудағы басты күшке айналып келеді. Елорда әлемнің ең негізгі 10 қаласы ретінде дамып келеді деп айтуға болады», - деп атап өтті А. Мамин.

Айта кетейік, қала туризмі жөніндегі UNWTO VIII жаһандық саммитінде «ақылды қалаларды» дамыту арқылы қаланың өзекті мәселелерін шешу, қаланы басқару, тұрақты даму, инновациялар мен технологиялар тақырыптары талқыланады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1058215
Пікірлер

Көрші сілтемелер