Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-2119464845 %55 %

Қазақстан Елшісі Қырғыз Президентіне сенім грамотасын тапсырды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 21:50 - 2019/09/11


Бүгін Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшісі Қайрат Нұрпейісов аталмыш ел Президенті Сооронбай Жээнбековке сенім грамотасын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Рәсім барысында Қырғызстан Президенті Елшіні дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтай отырып, аталған мәртебе елдеріміз арасындағы бауырластық, тату көршілік және өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. Қырғызстан басшысы Қазақстан Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдеріміз арасындағы бауырластық және одақтастық қатынастарды әрқашан қолдайтынын атап өтті. Елбасының әртүрлі халықаралық іс-шаралар шеңберінде өткен жеке кездесулердегі лебіздері осының куәсі екенін жеткізді. Ол сондай-ақ Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасы ұстанған бағытты жалғастырғаны үшін қанағаттанушылық пен ризашылық білдірді», - делінген СІМ хабарламасында. 

Сонымен қатар тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты достық байланыстарды одан әрі нығайту қажеттігін атап өтіп, алда болатын жоғары деңгейдегі сапарға дайындық мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде Қ.Нұрпейісов жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіре отырып, Қазақстандағы жаңғыру бағдарламалары шеңберінде болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістер туралы ақпарат берді, Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері туралы айтты. 

«Кездесу соңында Президент С. Жээнбеков ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевқа және Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевқа ізгі лебіздерін жеткізуді сұрады, оған қоса жаңа елшіге қазақстандық-қырғыз қарым-қатынастарын одан әрі нығайту жолында зор табыстар тіледі», - деді сыртқы саясат ведомствосынан.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1046825
Пікірлер

Көрші сілтемелер