Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-13590152240 %60 %

Елорда құрылысшылары Арыста 150-ге жуық жеке тұрғын үйді қайта салуда



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 21:30 - 2019/08/14


Арыстағы жаңа тұрғын үй салу мен қираған үйлерді қалпына келтіруде мыңға жуық астаналық еңбектеніп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осыдан бір апта бұрын көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Біздің секторда үш көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Сондай-ақ, техникалық тексеріске сәйкес қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған және жаңа құрылыстың қажеттілігі туралы шешім қабылданған үйлердің орнына 150-ге жуық жаңа жеке тұрғын үй салып жатырмыз. Жалпы бізге тиесілі 9 сектор аумағында 1500 тұрғын үй-жай бар. Оның 650-і жеке тұрғын үй және 57-і көппәтерлі тұрғын үй. Үйлері сүрілген арыстық тұрғындар уақытша басқа жерге қоныстанды. Жаңадан салынып жатқан үйлерден бөлек 450-480 үйге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов Elorda Aqparat-қа берген сұхбатында.

Оның айтуынша, жеке және көп пәтерлі тұрғын үйлердің ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын 25 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда.

«Бізге тиесілі секторда шамамен 10 мың адам тұрады. Бұл – Арыс қаласының жалпы халқының 5/1 бөлігін, ал қаладағы жалпы тұрғын үй қорының 18 пайызын құрайды. Әрине, жаңа тұрғын үй салу үшін біраз уақыт қажет, технологияға байланысты мәселелер де бар. Дегенмен жұмыс уақтылы, тиісті нормалар мен құрылыс технологиясының талаптарына сәйкес жүріп жатыр», - деді ол.

Әкім орынбасарының мәлімдеуінше, Арыстағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына 30-дан астам елордалық мердігер ұйым мен 1 мыңға жуық жұмысшы тартылған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1034490
Пікірлер

Көрші сілтемелер